Экстернат нысанында оқу туралы өтініш беру

Негізгі орта, жалпы орта білім ұйымдарында экстернат нысанында оқу туралы электрондық өтініш беру

Экстернат нысанында оқу туралы жалпы ақпарат Қарау
Экстернат дегеніміз не?

Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін оқыту нысандарының бірі

Экстернат нысанында оқу кімге ұсынылады?

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу:

  • 1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
  • 2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
  • 3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға ұсынылады
Қай сыныптан бастап өтініш беруге болады?

Білім алушылар экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы өтінішті 5-сыныптан бастап бере алады

Экстернат нысанында оқуға рұқсат алу туралы өтінішті қашан беруге болады?

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу туралы өтініш:

  • 1. денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушы – денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;
  • 2. уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушылар – олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;
  • 3. барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушылар - ағымдағы оқу жылының басталуына дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей беріледі
Бір оқу жылының ішінде неше сыныптың бағдарламасын меңгеруге рұқсат беріледі?

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:

  • 1. Денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға және уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;
  • 2. Барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедек білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен мүгедектер экстернат нысаны бойынша оқи алады ма?

Егер бала тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен меңгере алатын болса, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар мен мүгедектер экстернат нысаны бойынша оқи алады.

Егер бала оқу пәндерін өз бетімен меңгере алмайтын болса, онда заңды өкілі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш беруге тиіс

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Электрондық өтінішті қалай және қайда беру керек?

Электрондық өтінішті "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы немесе SAKURA АЖ арқылы бере аласыз

Өтінішті кім бере алады?

Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана бере алады

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Өтініш қай уақыттың ішінде тіркеледі?

10 күн ішінде

Қызметті қалай алуға болады?

Қызмет "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетіледі (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады).

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Тағы нені білу керек? Қарау
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

Қандай жағдайларда экстернат нысанында оқуға рұқсат беруден бас тартылуы мүмкін?

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

  • 1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын толық ұсынбағаны;
  • 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының дұрыс еместігінің анықталуы
Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда жүгінуге болады?

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру

Көрсетілетін қызметті беруші

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар

Қызмет қайда көрсетіледі
  • 1 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  • 2 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (электрондық не қағаз түрінде).

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгіну керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.

Қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе көзделген жағдайлар негізінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады.

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
  • Денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін:
  • 1 035-1/у нысанында дәрігерлік-консультативтік комиссия қорытындысысының скан-көшірмесі;
  • барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға:
  • 2 үлгерім табелінің скан-көшірмесі;
  • Ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкен жағдайда, білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушыларға:
  • 3 көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы анықтаманың скан-көшірмесі;
  • білім алушы шетелге ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шығатын болса, білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін:
  • 4 Көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын құжаттың скан-көшірмесі

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
Қадам 2
бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 3
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 4
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
Өтінішті жіберген соң оның мәртебесін Жеке кабинет арқылы қарауға болады
Күшін жою

Техникалық қолдау қол жетімсіз