Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы бере аласыз
Өтінішті баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері ғана бере алады
Өтінішіңіз 15 минуттың ішінде тіркеуден өтеді
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz), білім беру ұйымы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)
Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе білім беру ұйымының кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің және білім беру ұйымының өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей
Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)
Қазақстан Республикасының азаматы
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесіне, сондай-ақ портал арқылы беріледі
Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі
Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)
Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе білім беру ұйымының кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің және білім беру ұйымның өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жалпы білім беретін мектепте тегін немесе жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жолығу кезінде – 5 (бес) жұмыс күні
Тегін
Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді
Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс: