Білім туралы құжаттың телнұсқасын беру туралы өтінішті беру

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беруге электрондық өтініш беру

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Электрондық өтінішті қалай және қайда беруге болады?

Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы беруге болады

Қызметті қайдан алуға болады?

Көрсетілетін қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҮЕАҚ арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде (электрондық не қағаз түрінде) алуға болады. Көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгіну керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Өтініш қалай және қай мерзімде тіркеуден өтеді?

Өтініш берілген мектеп оны күнтізбелік 15 күн ішінде тіркейді

Егер бас тартылған болса, не істеуге болады? Қарау
Қандай жағдайда құжаттардың телнұсқасын беруден бас тартылуы мүмкін?

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді

Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда жүгінуге болады?

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, мекенжайы:

  • 1) Министрліктің интернет-сайты: www.edu.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
  • 2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналасқан, шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жазбаша түрде беріледі.
Тағы нені білу керек? Қарау
Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар

Қызмет қайда көрсетіледі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" МК КЕ АҚ, және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады)

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгіну керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз өтінішімен бірдей болып саналады.

Қызметті көрсету нәтижесі

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
  • 1 Құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған өтініші;
  • 2 Білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  • 3 Тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
екі мобильді телефон нөмірін көрсету;
Қадам 2
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер көрсету;
Қадам 3
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 4
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
Өтінішті жіберген соң оның мәртебесін Жеке кабинет арқылы қарауға болады
Күшін жою

Техникалық қолдау қол жетімсіз